Жасөспірім шорт-трекшілеріміз Қытайдағы турнирде төрт медаль жеңіп алды

Жасөспірім шорт-трекшілеріміз Қытайдағы турнирде төрт медаль жеңіп алды
Қысқы спорт

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы / Сурет: Olympic.kz

Шорт-тректен Қазақстан жасөпірімдер құрамасы Қытайдың Цитайхэ қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құрама бұл жарыста төрт жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық спортшылар ерлер және әйелдер эстафеталарында екі рет күміс медаль иеленді. Сондай-ақ Алина Галечина 1500 метрлік қашықтықта үшінші нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. 

Сонымен қатар Қазақстан құрамасы аралас эстафетада да үшінші орынға ие болды. 

 Турнир 23 қаңтарда аяқталады.