Australian Open: Қазақстанның бірінші ракеткасы үшінші айналымға қадам басты

Australian Open: Қазақстанның бірінші ракеткасы үшінші айналымға қадам басты
Теннис

Елена Рыбакина / Сурет: Clive Brunskill / Getty Images

Әлемнің бесінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігіндегі кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жарыстың екінші айналымында қазақстандық теннисші франциялық Варвара Грачевамен кездесіп, екі сетте матчты өз пайдасына шешті - 7:5, 6:2.