“Реал” Эрлинг Холандпен келісімшарт жасамақшы

“Реал” Эрлинг Холандпен келісімшарт жасамақшы
Футбол

Эрлинг Холанд / Сурет: Sky Sport Germany

“Реал” президенті Флорентино Перес “Манчестер Сити” шабуылшысы Эрлинг Холандпен келісімшарт жасауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы Sky Sport Germany жазды. Дереккөздің жазуы бойынша, қос тарап өзара келісімге осы жазда келуі мүмкін. Мадридтік клуб Холанд пен оның агенті Рафаэло Пиментамен байланысты үзбей келеді. Әрі норвегиялық футболшы “Реалды” мансабындағы басты мақсаты деп санайды. Алайда оның клубпен келісімшарт жасасуы оңайға түспесі анық, өйткені Холандтың “Манчестер Ситимен” жасасқан келісімшарты 2034 жылға дейін жарамды.