Australian Open: Анна Данилина екінші айналымға шықты

Australian Open: Анна Данилина екінші айналымға шықты
Теннис

Мельбурнде теннистен 2026 жылғы Australian Open турнирі жалғасып жатыр. Әйелдер арасындағы жұптық бәсекеде Қазақстан атынан өнер көрсететін Анна Данилина екінші айналымға шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Сербиялық Александра Круничпен жұп бооып турнирге қатысып жатқан Қазақстанның бірінші ракеткасы үш сетке жалғасқан ойынды өз пайдасына шешті - 7:5, 4:6, 6:0.

Крунич пен Данилина екінші айналымға шығу үшін америкалық-ресейлік дуэт Куинн Глиссон мен Елена Приданкинаны жарыс жолынан шығарды. Келесі айналымда сербиялық-қазақстандық жұп Аустралия спортшылары Арина Родионова мен Дарья Касаткинаға қарсы ойнайды.