2027 жылы хоккейден әлем чемпионаты өтетін ел анықталды

2027 жылы хоккейден әлем чемпионаты өтетін ел анықталды
Хоккей

Германия 2027 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Сайлау бүгін, 26 мамыр күні, Тампереде өткен Халықаралық хоккей федерациясының жыл сайынғы конгресінде өтті. Германиямен бірге әлемдік біріншілікті ұйымдастыру құқығына Қазақстан да таласқан. Алайда дауыс берушілердің 75%-і Германияны қолдаса, қалған 25%-і Қазақстанға дауыс берген.

Бастапқыда Норвегия да турнирді өткізуге үміткер болды, бірақ қаңтарда бұл ел өтінімді қайтарып алды.

Германияның өтініш берген қалалары арасында Кельн, Дюссельдорф, Маннгейм және Мюнхен қалалары кіреді, турнир олардың екеуінде өтеді. Соңғы рет бұл ел әлемдік біріншілікті 2017 жылы Франциямен бірге қабылдады.

2023 жылғы әлем чемпионаты Финляндия мен Латвияда, 2024 жылы жарыс Чехияда, 2025 жылы Швеция мен Данияда, 2026 жылы Швейцарияда өтеді.