UFC президенті Джон Джонс пен Тайсон Фьюри жекпе-жегі ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді

UFC президенті Джон Джонс пен Тайсон Фьюри жекпе-жегі ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді
Жекпе-жек

UFC президенті Дана Уайт Джон Джонс пен ағылшындық боксшы Тайсон Фьюри арасында жекпе-жек ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Егер Тайсон Фьюри Джон Джонспен қатты күрескісі келсе, бұл жекпе-жекті ұйымдастыратынымды білесіздер. Тайсон, егер расымен дайын болсаң, келіссөз жүргізуді бастайық”, - деді Дана Уайт Bro Bible берген сұхбатында. 

Джон Джонс ММА-де 28 жекпе-жек өткізіп, 27 жеңіске қол жеткізген. Ал Тайсон Фьюри кәсіпқой бокстың 34 кездесуінің 33-ін өз пайдасына шешкен.