Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір сатыға жоғарылады

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір сатыға жоғарылады
Жекпе-жек

Шавкат Рахмонов / Сурет: Getty Images

UFC барлық салмақ дәрежелеріндегі жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жартылай орта салмақтың жаңартылған рейтингінде жеңіліске ұшырап көрмеген қазақ спортшысы Шавкат Рахмонов бір сатыға жоғарылап, екінші орынға тұрақтады. Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Иэн Мачадо Гарри үздік үштікті түйіндеп тұр. Ал бірінші орында австралиялық Джек Делла Маддалена келеді. Ал бұл дивизиондағы көшбасшы спортшы - ресейлік Ислам Махчаев. 

Тағы бір отандық спортшы Асу Алмабаев аса жеңіл салмақтың рейтингісінде өзінің жетінші орнын сақтап қалды.