Танымал актердің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Жекпе-жек
Еркебұлан Тоқтар / Сурет: Instagram / @erkebulantoktar
Танымал актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтардың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні және қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қазақстандық спортшы Gold лақап атымен танымал Өзбекстан өкілі Шахзод Узоқовпен жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Еркебұлан Тоқтардың өзі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Аталған кездесу Octagon промоушені ұйымдастыратын турнир аясында өтпек. Алдын ала жоспар бойынша жекпе-жек наурыз айында өтуі тиіс.
Айта кетейік, 26 желтоқсанда Ташкентте өткен бокс кешінде отандасымыз өзбекстандық Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен еді.