25 жылда алғаш рет үш италиялық клуб Еурокубоктар финалында ойнайды
Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы мен Конференция лигасының қарымта матчтарынан кейін финалға өткен барлық командалар белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Чемпиондар лигасы финалында “Интер” ағылшындық “Манчестео Ситимен” кездессе, Еуропа лигасында “Рома” “Севильямен” сынға түседі. Ал Конференция лигасы финалында “Фиорентина” чемпиондық атаққа “Вест Хэммен” таласады.
Осылайша, араға 25 жыл салып Еурокубоктар финалында А Сериясының үш клубы өнер көрсетеді.
1997-1998 жылдар маусымында УЕФА Кубогы финалында “Интер” “Лациомен”, Чемпиондар лигасы шешуі кезеңінде “Ювентус” мадридтік “Реалмен” сынға түскен.
Биыл Чемпиондар лигасы финалы 10 маусым күні Стамбулда өтсе, Еуропа лигасы чемпионы 31 мамыр күні Будапеште анықталады, Конференция лигасының жеңімпазы 7 маусым күні Прагада белгілі болады.