Инфантино: Трамп Иран құрамасының әлем чемпионатына қатыса алатынын жеткізді
Джанни Инфантино. Сурет: Дмитрий Голубович
Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино АҚШ Президенті Джанни Инфантиномен кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
"Бүгін кешке АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесіп, алдағы әлем чемпионатына дайындық пен басталуына 93 күн қалған турнирге қызығушылықтың артуы туралы сөйлестік.
Сондай-ақ, Ирандағы жағдайды да назардан тыс қалдырмадық. Өйткені, Иран құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуға жолдама жеңіп алған. Әңгімелесу барысында Трамп Иранның АҚШ-тағы турнирге қатыса алатынын жеткізді.
Дәл қазір адамдарды бұрынғыдан да біріктіре түсу үшін бәрімізге футболдан әлем Кубогы сияқты жарыс қажет. АҚШ Президентіне көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамын, бұл футболдың әлемдік біріктіретін күш екенін тағы бір мәрте дәлелдеді", - деп жазды ФИФА-ның X әлеуметтік желісіндегі парақшасы Инфантиноның сөзін.
Еске салайық, футболдан әлем чемпионатын биыл үш бірдей ел - АҚШ, Канада мен Мексика 11 маусым мен 19 шілде аралығында қабылдайды.
FIFA President Gianni Infantino:
— FIFA Media (@fifamedia) March 11, 2026
"This evening, I met with the President of the 🇺🇸 United States, Donald J. Trump to discuss the status of preparations for the upcoming FIFA World Cup, and the growing excitement as we are set to kick off in just 93 days.
"We also spoke about…