Инфантино 2026 жылғы әлем чемпионатының фаворит құрамасын атады

Инфантино 2026 жылғы әлем чемпионатының фаворит құрамасын атады
Футбол

Джанни Инфантино. Сурет: Reuters

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино 2026 жылғы әлем чемпионатының фаворит құрамасын атады. Ол Испания құрамасының жеңістен үмітті командалардың бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

"Испания - фавориттердің бірі, әрине, бұл қатарда өзге де құрамалар бар. Испанияның мықты тұстарын бәріміз білеміз. Рейтингте бірінші орында тұрған құрама әлем чемпионатының фавориті болуы керек", - деп жазады Инфантиноның сөзін AS. 

Еске салайық, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада мен Мексикада өтеді. Жеребе тарту қорытындысында Испания H тобына түсіп, Кабо-Верде, Сауд Арабиясы және Уругвай командаларына қарсы ойнайды.