Асланбек Шымбергенов өзбекті ұтып, әлем чемпионы атанды

Асланбек Шымбергенов өзбекті ұтып, әлем чемпионы атанды
Бокс

Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов Ташкентте бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шымбергенов өзбекстандық Саиджамшид Джафаровты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді, ал жекпе-жек барысында қарсыласының мұрнын сындырды. Осылайша, Асланбек Шымбергенов мансабында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды, ал оның қарсыласы әлем біріншілігінде күміс медаль иеленді.

Өткен жылы Қазақстан құрамасының капитаны Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, 2023 жылғы әлем чемпионатында Шымбергенов тринидадтық Аарон Принцті, израильдік Мирослав Капулер-Ищенконы, Француз Макан Траоре мен үнділік Нишант Девті де жеңді.