Жозе Моуринью Джоковичтің қолтаңбасын алды
Футбол
“Рома” бас бапкері Жозе Моуринью теннистен “Үлкен дулыға” турнирлерінің 22 дүркін жеңімпазы Новак Джоковичпен кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл бапкердің Джоковичтің АТР 1000 жарысындағы алғашқы матчынан кейін болды. Жозе Моуринью матчтан кейін теннисшімен кездесіп, одан қолтаңбасын бас киіміне қойып беруді өтінген. Джокович қолтаңбасын бергеннен кейін, екеуі құшақтасқан, ал бұл сәт камера объективіне түсіп қалған.
Айта кетейік, Новак Джокович Римдегі алғашқы матчында аргентиналық Томас Мартин Этчеверри 7:6 (7:5), 6:2 ечебімен жеңді. Ал үшінші айналымда сербиялық теннисші Григор Димитровпен кездеседі.