Джон Джонс UFC-де өзіне ұнайтын спортшыны атады
Жекпе-жек
UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы және ауыр салмақтағы қазіргі чемпионы Джон Джонс (27-1) лигадағы өзіне көбірек ұнайтын спортшы ретінде Исраэль Адесаньяны (24-2) атады.
Бұл туралы айту оңай емес, десек те UFC-де өзіме ерекше ұнайтын спортшы деп Исраэль Адесаньяны айта аламын. Біз дос емеспіз, бірақ ұйымдағы айқасы ең қызықты жігіт. Алекс Перейрамен жекпе-жегі соңғы уақытта UFC-де көрген айқастардың ішінде ең қызығы дер едім, - деді.
UFC 287 аясында Адесанья Алекс Перейраны (7-2) екінші раундта ұтты. Айқас 8 сәуірде Майамиде өткен болатын.