Forbes: Роналду - жылдың ең қымбат ойыншысы

Forbes: Роналду - жылдың ең қымбат ойыншысы
Футбол

Forbes журналы жасаған статистикаға сәйкес, “Әл-Наср” шабуылшысы Криштиану Роналду 2023 жылдың ең қымбат ойыншысы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

37 жастағы футболшы соңғы 12 айда 123,9 мон еуро табыс тапқан. Оның 41,9 млн еуросын клубтарда (“МЮ”, “Әл-Наср”) көрсеткен өнері үшін алса, 81,9 млн еуросы - түрлі жарнамалық және демеушілік келісімшарттардан түскен пайда. 

Осы рейтингтің өткен жылғы көшбасшысы аргентиналық Лионель Месси аталған мерзәмде 118,4 млн еуро пайда көріпті, оның ішінде 68 млн еуро - жалақысы. 

Тізімде үшінші орында “ПСЖ” шабуылшысы Килиан Мбаппе тұр. 24 жастағы форвард табысы соңғы он екі айда 109 млн еуро болған.