«Челси» Тухель кеткелі 11-рет жеңілді

«Челси» Тухель кеткелі 11-рет жеңілді
Футбол

Лондондық «Челси» Англия Премьер-лигасының 33-турында «Брентфордтан» ұтылды (0:2), деп хабарлайды BasSport.kz.

Осылайша «ақсүйектер» командадан бас бапкер Томас Тухель кеткелі 11-рет жеңілістапты. Неміс маманы қызметінен босатылғаннан кейін «Челси» АПЛ-да 26 матч өткізді. Соның сегізінде жеңіске жетсе, жеті рет тең түсіп, 11 рет жеңілді.

Команданы Тухель басқарған тұста да клуб 11 рет жеңілген. Неміс «Челсиде» 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс істеді. Оның тұсында лондондықтар АПЛ-да 35 матчта жеңіске жетті, 17 рет тең түсті және 11 рет жеңілді.

Қазір «Челсиді» Фрэнк Лэмпард басқарады. Ол келгелі команда қатарынан бес матчта жеңіліп қалды.