Ресми: Пеле – үздік сөзінің синонимі

Ресми: Пеле – үздік сөзінің синонимі
Футбол

Аты аңызға айналған Пеленің есімі португал тілінің бразилиялық сөздігіне енді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Пеле енді үздік сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Яғни «ол теннис әлемінің Пелесі», «баскетбол Пелесі» секілді тіркестерде қолданыла береді.

Пеле 2022 жылғы желтоқсанда өмірден өтті. Аты аңызға айналған футболшының жасы 82-де болатын.

Пеле – үш әлем чемпионатында топ жарған жалғыз футболшы (1958, 1962, 1970). Бразилия құрамасы сапында ол 92 матч өткізіп, 77 рет қарсылас қақпасынан саңылау тапқан. Ал ұзақ өнер көрсеткен клубы – «Сантос».