Артур Гатиятовтың ағасы: “Барыс” пен ұлттық құрамада “көкеміз” жоқ

 Артур Гатиятовтың ағасы: “Барыс” пен ұлттық құрамада “көкеміз” жоқ
Хоккей

Хоккейден Орал құрамасының бас бапкері Лина Гатиятов өзінің інісі, шабуылшы Артур Гатиятовтың Қазақстан командасына шақырту алмағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Інім үшін көңілім түседі. Ол көп еңбек етіп жүр, бірақ оған назар аудармайды. “Барыс” пен ұлттық құрамада болу үшін “көкеміз” жоқ”, - деді бапкер.

Биылғы маусымда 23 жастағы Артур Гатиятов финляндиялық “Киекко-Поят” сапында өнер көрсетіп, тұрақты маусым мен плей-оффтың 57 ойынында 46 (11+35) ұпай еншіледі.