Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Eurasia Jastar Cup турнирінде жеңімпаз атанды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы. Сурет: ҚХФ
Астанада хоккейден жасөспірімдер арасындағы Eurasia Jastar Cup турнирі аяқталып, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жарыс жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Шешуші ойында Максим Худяков бастаған команда Ресейдің 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына қарсы ойнады. Матч есебін алғаш болып жарыс иелері ашып, артынша ресейлік хоккейшілер таразы басын теңестірді. Біраздан кейін Егор Кравченко құрамамызды есепте тағы алға шығарса, Таир Бигаринов есепті 3:1-ге жеткізді. Үшінші жиырма минуттықта Бигаринов хет-трик авторы атанып, ойынның қорытынды есебін орнатты.
Қазақстан U18 – Ресей U16 – 4:1 (2:1, 1:0, 1:0)
1:0 - 06:40 – Бигаринов (Евплов, Тлеухан) ГБ
1:1 - 07:53 – Андреев (Попов)
2:1 - 08:02 – Кравченко (Бигаринов, Тлеухан)
3:1 - 28:34 – Бигаринов (Тлеухан, Кравченко)
4:1 - 57:26 - Бигаринов (Решетько, Кравченко)
Қақпашылар: Мыльников – Сучков
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы турнирдегі барлық үш ойында жеңіске жетіп, Eurasia Jastar Cup жарысының жеңімпазы атанды.
Командамыз алғашқы ойында Беларусь жасөспірімдер құрамасын 3:0, одан соң Ресейдің әйелдер құрамасын 9:4 есебімен жеңді.