Мейірім Нұрсұлтанов BoxRec.com рейтингінде жоғарылады

Қазақстан боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов беделді BoxRec.com сайтындағы рейтингін жақсартты, деп хабарлайды BasSports.kz.
Өткен аптада Нұрсұлтанов Инчхонда (Оңтүстік Корея) жапониялық Кадзуто Такесакомен жекпе-жек өткізген болатын. Қос мықты арасындағы айқас 12 раундқа жоспарланғанымен, сегізінші раундта қазақ боксшысының жеңісімен аяқталды.
Осылайша Мейірім орта салмақтағы WBO International белбеуін қорғап қалды. Бұл жеңіс Нұрсұлтановтың BoxRec.com рейтингінде алтыншы сатыға көтерілуіне себеп болды.
Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста бұған дейін 19 жекпе-жекте өткізіп, соның барлығында жеңіске жетсе, оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.
Жапон былғары қолғап шеберінің еншісінде бұған дейін 15 жеңіс пен 1 тең айқас болды. Ол 14 жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.