Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген боксшыны нокаутқа түсірді

Бокс
Қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген жапониялық Кадзуто Такесаконы нокаутқа түсірді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Жекпе-жек Инчхонда (Оңтүстік Корея) өткен бокс кешінің басты кездесуі болды. Орта салмақтағы жекпе-жек сегізінші раундта аяқталды. Отандасымыз WBO International белбеуін қорғап қалды.
Осылайша, 12 раундқа есептелген жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Кадзуто Такесако алғаш рет нокаутпен жеңілді.
Нұрсұлтанов WBO рейтингінде төртінші орында тұр. Бұл салмақтағы чемпиондық белбеу жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлына тиесілі.