“Челсиге” жаңа бас бапкер тағайындалды

“Челсиге” жаңа бас бапкер тағайындалды
Футбол

Лондондық “Челси” маусым соңына дейін бас бапкер қызметін атқаратын маманды тағайындады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Фрэнк Лэмпард лондондық клубтың тізгінін қайта ұстады. Ол ертең, 8 сәуір күні АПЛ-да “Вулверхэмптонға” қарсы өтетін матчта команданы бастап шығады.

Ал клуб басшылары командаға білікті маман таңдау жұмысы ұзақ созылатын процесс екенін айтып, жаңа бас бапкер маусым соңына тағайындалатынын жеткізді.