Криштиану Роналду кезекті әлемдік рекордтың иесі атанды

Криштиану Роналду кезекті әлемдік рекордтың иесі атанды
Футбол

Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында Лихтенштейнге қарсы матчта өнер көрсетіп, дубль авторы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Сонымен қатар, бұл - 38 жастағы футболшының ұлттық құрама сапында өткізген 197-матчы және ол әлемдік рекорды. Бұған дейін бұл рекорд 196 матчта Кувейт құрамасының намысын қорғаған Бадер Әл-Мутавқа тиесілі еді. 

Айта кетейік, іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Португалия Лихтенштейн құрамасын 4:0 есебімен жеңді. Роналдудан өзге Канселу мен Бернарду Силва нәтижелі соққыларымен көзге түсті.