Месси мен Роналду алғаш рет бір командада ойнауы мүмкін
sports.kz
«Манчестер Юнайтед» пен Аргентина ұлттық құрамасының экс-шабуылшысы Карлос Тевес бұрынғы әріптестерін өзінің қоштасу матчына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Аргентиналық жұлдыз Лионель Месси бұл ойынға қатысатынын ресми түрде растап қойған. Ал португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду әзірге өз шешімін жариялаған жоқ.
Айта кетейік, Карлос Тевес кәсіби мансабында «Бока Хуниорс», «Коринтианс», «Вест Хэм», «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Ювентус» және «Шанхай Шэньхуа» клубтарының намысын қорғаған. Ол Лионель Мессимен 2005–2015 жылдар аралығында Аргентина құрамасында бірге өнер көрсетсе, Криштиану Роналдумен 2007–2009 жылдары «Манчестер Юнайтед» сапында тізе қосып ойнаған болатын.