Қазақстандық таеквондошы Астанадағы Гран-при турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық таеквондошы Астанадағы Гран-при турнирінің жартылай финалына шықты
Жекпе-жек

ҰОК

Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали елордада өтіп жатқан Гран-придің ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында ресейлік Артем Мытаревпен кездесті. Екі раундтың қорытындысы бойынша Батырхан Төлеуғали 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді қанжығасына байлады.