Батырхан Төлеуғали елорда төріндегі Гран-придің ақтық сынына жолдама алды
Жекпе-жек
ҰОК
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Батырхан Төлеуғали елордада өтіп жатқан Гран-при сериясының финалында ақтық сынға өтті, деп хабарлайды Bassport.kz O;ympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Грузия өкілі Зураб Кинцурашвилимен кездесті. Бірінші раундта грузиялық таеквондошы 2:0 есебімен басым түсті. Дегенмен Батырхан екінші раундта 6:0, ал үшінші кезеңде 11:2 есебімен жеңді.
Осылайша Батырхан Төлеуғали Гран-при финалдық кезеңінің ақтық сынына жолдама алды.