Бокстан әлем кубогының финалдық кезеңінің жеребесі тартылды
28 қараша - 3 желтоқсан аралығында Ташкентте (Өзбекстан) өтетін әлем кубогының финалдық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Жеребенің нәтижесі бойынша қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.
Ерлер
50 келі. 1/4 финал Даниял Сәбит - Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан)
70 келі. 1/4 финал Фарух Тоқтасынов - Ихтиер Нишинов (Қырғызстан)
75 келі. 1/4 финал Аман Қонысбеков - Сергей Сергеев (Ресей)
80 келі. 1/4 финал Өнер Сейілхан - Алмаз Орозбеков (Қырғызстан)
85 келі. 1/2 финал Сұлтанбек Айбарұлы жартылай финалда Идар Занилов (Ресей) пен Норбек Абдуллаевтың (Өзбекстан) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасады. 90 келі. 1/2 финал Дәулет Төлемісов - Харш Чаудхари (Үндістан)
Әйелдер
57 келі. 1/4 финал Карина Ибрагимова - У Ши И (Қытайлық Тайбэй)
70 келі. 1/4 финал Бақыт Сейдіш - Ян Лю (Қытай)
75 келі. 1/4 финал Шұғыла Нәлібай - Елена Гапышина (Ресей)
80 келі. 1/4 финал Валерия Аксенова - Найна (Үндістан)
+80 келі. 1/2 финал
Дина Исламбекова - Альфия Пазан (Үндістан)