Илья Ильин ауыр атлетика федерациясының президенті бола алмады
Жанат Түсіпбеков алдағы төрт жылға Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Негізі осы жолы жаңа үміткерлер тіркелген еді. Атап айтсақ, танымал ауыр атлет Илья Ильин мен спорт жанашыры Гаджи Гаджиев өзара таласпақшы болған. Бірақ бүгін Астанадағы сайлауға федерацияның бұрынғы басшысы Жанат Түсіпбеков келіп, тағы төрт жылға президент дайын екенін мәлімдеді. Дауыс беруге 27 адам қатысты. Олар: федерация өкілдері, құрама командалардың бас бапкерлері, мемлекеттік жаттықтырушы, аймақтардағы федерациялардың жетекшілері.
Дауыс берушілер біраузыдан Жанат Түсіпбековтің кандидатурасын қолдады.
Жанат Рашидұлы Түсіпбеков 1977 жылы 6 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін, 2007 жылы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ экономика факультетін тәмамдаған. Бірнеше жыл бойы ол «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ атқарушы директоры, бас директордың орынбасары, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ және «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды.
Ауыр атлетика федерациясын 2013 жылдан бері басқарып жүр.