Старченко “Барысқа” қайта оралады

Старченко “Барысқа” қайта оралады
Хоккей

“Хоккейная правда” Телеграм арнасы Қазақстан ұлттық құрамасы шабуылшысы Роман Старченконың “Барысқа” қайта оралатынын хабарлады, деп жазады Bassport.kz.

“Роман Старченко келесі маусымда “Барыс” сапына қайта қосылады. Ол Андрей Скабелка командасы көшбасшыларының бірі болады. Биылғы маусымда Старченко “Спартак” намысын қорғады”, - деп жазылған дереккөз хабарламасында. 

Еске салайық, “Барыс” биылғы маусымды Шығыс конференциясында соңғы орынмен аяқтады.