Ербол Хамитов әлем кубогы кезеңінің жүлдегері атанды

Ербол Хамитов әлем кубогы кезеңінің жүлдегері атанды
Қысқы спорт

Пара биатлоннан АҚШ-та өтіп жатқан Әлем Кубогының финалдық кезеңінде Ербол Хамитов күміс медальға ие болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Ол 12,5 шақырымды 42 минут 17 секундта жүгіріп, жарыс жолындағы төрт шеңбердің бәрінде нысананы дәл көздеген. Пара шаңғы мен пара биатлоннан Солт-Лейк-Ситиде өтіп жатқан жарыс 9 наурызға дейін жалғасады. Осы байрақты бәсекеде ел намысын Александр Герлиц пен Ербол Хамитов қорғап жатыр.