Олимпиада-2026: Фристайл-могул және тағы қай спорт түрлерінде отандастарымыз бақ сынайды
Павел Колмаков. Сурет: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Италияның Милан мен Кортина қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы төрт спорт түрінде сынға түседі, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Таң шаңғысында Александра Скороходова гигант-слалом жарысында бақ сынайды. Сайыс Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Бүгін фристайл-могулдан ерлер параллельі могулда жүлделер жиынтығын сарапқа салады. Бұл сында ел намысын Павел Колмаков қорғайды. Іріктеу сыны сағат 14:30-да басталады деп жоспарланған.
Биатлонда Владислав Киреев 12.5 шақырымдық із кесу жарысында сынға түседі. Спортшылар Астана уақытымен сғаат 15:15-те жарыс жолына шығады.
Конькимен жүгіруде бүгін әйелдер 500 метр қашықтыққа жүгіруде жүлдеге таласады. Бұл қашықтықта ел намысын Кристина Силаева мен Арина Ильященко қорғайды. Жарыс түнгі сағат 21:03-те басталады.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын жүлде бар. Екі күн бұрын мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада шыңын бағындырды.