Қазақстан жастар құрамасы Беларусьтен кезекті мәрте жеңілді
ҚФФ
Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Беларусь құрамасына қарсы екінші жолдастық кездесуінде де жеңіліс тапты, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
15 қараша күні Шымкент қаласындағы «Намыс» стадионында өткен матч қонақтардың 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Кездесудің 8-минутында Беларусь құрамасының шабуылшысы Максим Кононов есеп ашты. Алайда арада екі минут өткенде елордалық «Астана» клубының футболшысы Арсен Ахметов таразы басын теңестірді –1:1. Осы есеп ойынның соңына дейін сақталатындай көрінген. Дегенмен 84-минутта Беларусь құрамасының ойыншысы Егор Русаков шешуші голды соғып, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша, Владимир Чебурин жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы Беларусь футболшыларынан қатарынан екінші рет жеңілді.
Айта кетейік, 12 қарашада қос құрама дәл осы стадионда алғашқы жолдастық кездесуін өткізген болатын. Ол ойында да беларусьтер 1:0 есебімен басым түскен еді. Жалғыз голды 72-минутта Максим Кононов соққан.
Нәтижесінде Беларусь жастар құрамасы Шымкентте өткен екі жолдастық кездесудің екеуінде де жеңіске жетті.
Қазақстан U-21 құрамасы Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынын жалғастырып жатыр.