Өзбекстанда туған қазақ боксшысы "Канело"- Бивол андеркардында жұдырықтасады

Бокс
7 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да бокстан жартылай ауыр салмақтағы әлем үздігі, мексикалық Сауль Альварес «Канело» мен ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жек өтеді. Бокс әлемі асыған күткен кездесу кешінде этникалық қазақ Елнұр Әбдірайымов та шаршы алаңға шығады, - деп хабарлайды Bassport.kz.
Ресейлік allboxing.ru сайтының хабарлауынша, Альварес пен Бивол жекпе-жегінің андеркардында өзбекстандық екі боксшы кездесу өткізеді. Олардың бірі - Рио Олимпиадасының финалисі Шахрам Гиясов, екіншісі – Токио Олимпиадасының ширек финалына жеткен этникалық қазақ Елнұр Әбдірайымов.
Елнұр Әбдірайымов Өзбекстанда туып өскен. Әуесқой бокстан Азия чемпионы әрі әлем чемпионатының қола жүлдегері. 7 мамыр күні Әбдірайымов бірінші жеңіл салмақта сынға түседі. Оның қарсыласы – кубалық Мануэль Корреа.
Елнұр кәсіби бокста 8 кездесу өткізіп үлгерген.