Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайды

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайды
Теннис

ҰОК

21-28 қараша аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында үстел теннисінен жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан атынан әлемдік додада Алан Құрманғалиев өнер көрсетеді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол жекелей сында, сондай-ақ жұптық жарыстарда бақ сынайды. Ерлер арасындағы жұптық сында Құрманғалиев Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге ойнайды.

Ал аралас жұпта оның командаласы Мысыр спортшысы Хана Года болмақ.

Әлем чемпионатына 50 елдің өкілдері қатысады. U19 және U15 жас санаттарында барлығы 14 медаль жиынтығы сарапқа салынады.