Серхио Рамос ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Футбол
“ПСЖ” клубының қорғаушысы Серхио Рамос Испания ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Ұлттық құрамамен қоштасатын сәт туды. Таңертең бас бапкер хабарласып, өнер көрсете алатын деңгейіме қарамастан, мені ұлттық құрама сапында көрмейтінін айтты. Өкінішке қарай, мен үшін жолдың соңы. Мен оның ұзақ болғанын қаладым, оған қоса ұлттық құрамадағы мансабымның аяқталуын бұлай елестеткен жоқпын”, - деп жазды Серхио Рамос әлеуметтік желідегі парақшасында.
Рамос Испания құрама командасы сапында 180 матч өткізіп, 23 голдың авторы атанды.