Аукционда Марадонаның “Құдайдың қолымен” гол соққан добы сатылмай қалды
Аргентиналық футболшы Диего Марадонаның 1986 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Англия қақпасына гол соққан добы аукционда сатылмай қалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі “Inside The Games” басылымына сілтеме жасап.
Бұл доп осымен екінші рет сатылмай қалып отыр.
Goldin ұйымдастырған аукционға қатысушылар допты 1,7 млн долларға сатып алғысы келген. Бірақ бұл сол матчтың төрешісі Әли Бин Нассердің сұраған бағасына жетпейді.
Өткен жылдың қараша айында өткен аукционда допты 2,4 млн долларға сатып алғысы келгендер болған. Алайда бұл сома да доптың алғашқы құнынан 602 мың долларға кем еді.
Матчтан кейінгі баспасөз конференциясында Марадона голдың “жартылай Құдайдың, жартылай өз қолымен соғылғанын” айтқан.
Аргентина құрамасы сол матчта 2:1 есебімен жеңіске жеткенін айта кетейік.