Израилдік үш клубтың футболшылары ЛГБТ-ны қолдау акциясына қарсы шықты
Израилдік үш клубтың футболшылары ЛГБТ-ны қолдау акциясының жейделерін киюден бас тартты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі “Ynet” басылымына сілтеме жасап.
Израиль чемпионатының 21-туры матчтарының алдында ойыншылар алаңға кемпірқосақ жүрек салынған суреті бар және келесідей жазу жазылған жейдемен шығуы керек болған: “Біз барлық жердеміз, спортта да”.
Бұл науқан Израильдің ЛГБТ-ны қолдайтын жастарымен бірге ұйымдастырылған екен.
Алдымен “Хапоэльдің” ойыншысы Беэр-Шева Александру Пэун командалық суретке түскенде, футболкасын жоғары көтеріп, кеудеміндегі жүрек бейнесін көрсетпеген.
Кейіннен клубтың ресми тұлғалары ойыншының өз пікірі бар екендігін атап өтті.
Одан соң “Бней Сахниннің” бастапқы құрамындағы 9 футболшы “Маккабиге” (Тель-Авив) қарсы болар матч алдындағы акцияға қатысудан бас тартқан.
Ирони Кирьят-Шмон қаласының “Хапоэль” клубының үш футболшысы да жецдені киюден бас тартқан.
Осы жағдайдан кейін желі қолданушылары спортшыларды “толерантты емес” деп сынға алған.