Қазақстандық ару әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанды

Қазақстандық ару әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанды
Хоккей

Болгария астанасы Софияда жасөпірім әйелдер арасындағы әлем чемпионаты (ІІ двизион, “В” тобы) аяқталып, Қазақстан құрамасы алтын жүлде еншіледі, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Турнир қорытындысында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының форварды София Зубкова әлем чемпионатының үздік шабуылшысы әрі команданың ең пайдалы ойыншысы атанды. Жалпы 18 (13+5) ұпай еншілеген шабуылшы турнирдің үздік сұрмергендерінің көшін бастады. 

Тағы бір айта кететін жайт, София Зубкова турнир барысында бір рет покер жасап, екі рет хет-трик авторы атанды. Одан бөлек, ол дубль де

жасап, әр матчта нәтижелі әрекетімен көзге түсіп отырды.