Серхио Рамос Роналдудың командаласы атануы мүмкін

Серхио Рамос Роналдудың командаласы атануы мүмкін
Футбол

“ПСЖ” испаниялық қорғаушысы Серхио Рамос кәсіби мансабын Сауд Арабиясында немесе АҚШ-та жалғастыруы мүмкін, деа хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

36 жастағы спортшының клубпен жасалған келісімшарты осы жыллың жазында аяқталады. Ал оның командадағы болашағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы мюнхендік “Баварияға” қарсы болар ойындардан кейін анықталады.

Егер футболшы келісімшартын ұзартпаса, онда Роналдудың жаңа клубы “Әл-Наср” қатарын толықтыруы мүмкін. Сондай-ақ MLS клубтарының бірі де Рамосқа қызығушылық танытып отырған көрінеді. 

Биылғы маусымда Серхио Рамос “ПСЖ” сапында 27 матчқа қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. 

Испаниялық футболшының клубпен жасасқан келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымында аяқталады.