Андрей Аршавин жасыл алаңға қайта оралуы мүмкін
Алматылық "Қайраттың" экс-ойыншысы, жартылай қорғаушы Андрей Аршавин жасыл алаңға қайта оралып, "Зениттің" (U-19) медиакомандаға қарсы өткізетін матчына қатысуы мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Вetassist.ru" сайтына сілтеме жасап.
"Амкал" президенті Герман Эль Классико 41 жастағы Андрей Аршавиннің медиакомандаға қарсы матчта "Зениттің" 19 жасқа дейінгі жастар командасы сапында өнер көрсетуі мүмкін. Бірақ қазір Аршавин клубтың жастар командасымен бірге Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында жүр. "Амкал" - "Зенит" (U-19) матчы 28 қаңтар күні Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Андрей Аршавин Ресейдің үш дүркін чемпионы, УЕФА Суперкубогы мен Кубогы иегері. Ол лондондық "Арсенал", "Кубань", "Қайрат" клубтары сапында өнер көрсеткен. Қазір экс-футболшы "Зениттің" спорттық даму бойынша бас директоры қызметін атқарып жүр.