Пара шаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионы атанды

Пара шаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионы атанды
Қысқы спорт

Қазақстандық пара шаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл күндері Швецияның Эстерсунд қаласында пара шаңғы мен пара биатлоннан әлем біріншілігі өтіп жатыр. 

Осы сында ел намысын қорғап жатқан Ербол Хамитов спринт қашықтығын 2:44,23 уақытта бағындырып, әлем чемпионы атанды. 

Әлем біріншілігінің күмісі украиналық Тарас Радқа, үшінші орын бразилиялық Кристиан Вестмаерге бұйырды. 

Бұған дейін Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.