Нұралы Әліптің "Зениттегі" әріптесі қазақстандық футболшыға баға берді

Нұралы Әліптің
Футбол

Ресейлік "Зенит" футбол клубының қорғаушысы Данил Круговой Metaratings.ru сайтының сұрақтарына жауап беру барысында Қазақстан үлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліпке баға берді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

- "Зенит" Әліпті толығымен сатып алды. Сіз үшін ол мықты қорғаушы ма?

- Оның өте жақсы қабілеттері бар. Бізде одан сайын дами түседі деп ойлаймын. Бапкерлер құрамы Нұралы Әліптен талант көретіні анық. Бізге Ренан да келіп қосылды, енді қорғаныстағы бәсекелестік арта түсетіні сөзсіз, - деді Данил Круговой. 

Өткен жылдың желтоқсанында "Зенит" Нұралы Әліпті "Қайраттан" толықтай сатып алған болатын.