Португалия құрамасының экс-бапкері жаңа қызмет тапты
Футбол
Футболдан Португалия ұлттық құрамасының экс бас бапкері Фернанду Сантуш жақын күндері жаңа қызметке кіріседі, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Фернанду Сантуш Польша ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалады. Келісімшартқа алдағы 24 сағаттың ішінде қол қойылады”, - деп жазған инсайдер Фабрицио Романо өзінің “Twitter” парақшасында.
Сондай-ақ, екі тарап 2026 жылдың жазына дейін келісімшарт жасасуға әзір көрінеді.
Фернанду Сантуш жаттықтырған Португалия құрама командасы 2022 жылғы Катардағы әлем чемпионатын ширек финалда Мароккодан (0:1) жеңіліп, аяқтаған болатын.