Азия чемпионаты: алты боксшымыз алтын үшін таласады, бесеуі қолаға қол жеткізді
Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатының ерлер арасындағы жартылай финалдық кездесулері аяқталды. Қазақстандық 11 боксшы жартылай финалда бақ сынап, олардың алтауы алтын үшін таласатын болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Бұған дейін Санжар Тәшкенбайдың (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбектің (54 келі), Махмұд Сабырханның (57 келі) алтын жүлде үшін таласады деп жазған болатынбыз. Бұл қатарға жартылай фианлда Камбоджа спортшысы Пенх Ванхтунгті жеңген Абзал Серік (67 келі), тәжікстандық Довуд Махкамовтан басым түскен Сабыржан Аққалықов (71 келі), 75 келіде қытайлық былғары қолғап шебері Аиликути Кахнерді тізе бүктірген Диас Молжігітов ақтық сында ел намысын қорғайтын болды.
Ал Талғат Сырымбетов (60 келі), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Ерзат Бекхат (92 келі), Аманат Сабырғалилар (92+ келі) Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.