Жасмин Қизатова қарсыласын нокаутпен жеңіп, финалға шықты

Жасмин Қизатова қарсыласын нокаутпен жеңіп, финалға шықты
Бокс

Тайландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының әйелдер аарсындағы бәсекесінде Қазақстан алғашқ финалдық жолдамаға ие болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

70 келіде бақ сынаған отандасымыз Жасмин Қизатова вьетнамдық Труонг Мин Тху Кюнхпен шеберлік байқасып, үшінші раундта техникалық  нокаутпен жеңіске жетті. Екінші және үшінші раундтарда вьетнамдық спортшы нокдаунға түскен, ал үшінші үш минуттықта төреші Жасмин Қизатова жеңді деген шешім шығарды. Осылайша, қазақстандық боксшы командаластарының арасынан алғаш болып финалға жолдама алып, енді алтын жүлде үшін сынға түседі.