«Семей» мен «Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты

«Семей» мен «Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты
Футзал

«Семей» футзал клубы

Қазақстанның екі футзал клубы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Семейліктер мен алматылықтар үш кездесуде 6 ұпай жинап, өз топтарында екінші орынға ие болды және турнирдің 1/8 финалына өтті.  Алдағы маңызды күндер:

4 қараша — 1/8 финалдың жеребе тарту рәсімі 23 қараша — сырт алаңдағы алғашқы кездесу

4 желтоқсан — өз алаңындағы қарымта кездесу.