Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионатының финалына шықты
Жекпе-жек
ҰОК
Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Виктор Рассадинмен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық балуан қарсыласын мерзімінен бұрын, 11:0 есебімен жеңді. Жартылай финалдық белдесулер бүгін Астана уақытымен сағат 16:30-да басталады.
Айта кетейік, бұған дейін Азамат Дәулетбеков (92 келі) ширек финалда Грузия балуаны Мириани Майсурадзеге жол берген еді.