«Семей» футзал клубы «Қайраттың» ойыншысын қатарына қосты

«Семей» футзал клубы «Қайраттың» ойыншысын қатарына қосты
Футзал

ҚФФ

Футзалдан Қазақстанның қазіргі чемпионы «Семей» клубы алматылық «Қайраттың» және ұлттық құраманың белді ойыншыларының бірі Дәурен Тұрсағұловпен ресми түрде келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.

Дәурен Тұрсағұлов – отандық футзалдағы ең тәжірибелі әрі тұрақты ойын көрсетіп жүрген шеберлердің бірі. Ол спорттық мансабында бірнеше рет ел чемпионы атанып, Қазақстан кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ «Қайрат» сапында UEFA Чемпиондар лигасында және ұлттық құрама жейдесінде халықаралық ареналарда мол тәжірибе жинақтаған. Клубтың ресми мәлімдемесінде Дәуреннің кәсібилігі, алаңдағы бар күшін салуы және үлкен тәжірибесі «Семей» ұжымын жаңа деңгейге көтеретіні айтылған. Ол Біржан Оразовтан кейін «Қайраттан» чемпиондар сапына ауысқан екінші маңызды ойыншы болып отыр.