«Астана» футзал клубы Қазақстан кубогына қатысудан неге бас тартты

«Астана» футзал клубы Қазақстан кубогына қатысудан неге бас тартты
Футзал

«Астана» футзал клубы

«Астана» футзал клубы 2026/2027 жылғы маусымдағы Қазақстан кубогының алдын ала кезеңінің екінші және үшінші турларына қатыспайды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Клуб мұндай шешімге қаржылық жағдайына байланысты келген. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді. ҚФФ мәліметінше, «Астана» федерацияға Қазақстан кубогының алдын ала кезеңіндегі ойындарын жалғастыра алмайтынын ресми түрде хабарлаған. Бұған клубтың қазіргі қаржылық жағдайы себеп болған. Команданың алдағы матчтарға қатысуына қажетті шығындарды өтеуге мүмкіндігі жоқ. Соған қарамастан, клуб өз жұмысын толық тоқтатпайды. «Астана» 2026/2027 жылғы маусымда Қазақстан футзал Суперлигасында өнер көрсетуді жоспарлап отыр. «Астана» басшылығы қазіргі уақытта команданың қаржылық жағдайын тұрақтандыру және туындаған мәселелерді шешу бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Клуб өкілдері қаржылық мәселелер жақын арада реттеліп, команданың Суперлига чемпионатына толыққанды қатысуына мүмкіндік жасалады деп үміттенеді. Ал Қазақстан кубогының екінші және үшінші турларына қатысудан бас тартуға байланысты құқықтық салдар мен өтпей қалған матчтардың нәтижесіне қатысты шешімді ҚФФ-ның Бақылау-тәртіптік және әдеп комитеті қабылдайды.