«Тобылға» Ресейдің «Зенит» клубында ойнаған футболшы келді
Футбол
Қостанайдың «Тобыл» клубы 28 жастағы ресейлік қорғаушы Павел Киреенконы қосты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Ол 2011 жылдан бері «Зениттің» құрамында болған. Алғашында жастар командасында, кейін «Зенит-2» сапында доп тепті. Одан кейін «Динамо» (Санкт-Петербург), «Сибирь» және «Томь» сияқты ФНЛ клубтарында да ойнаған. 2021 жылдың қысында ол Армения Премьер-лигасының «Ной» клубына ауысты.
Былтыр Ақтаудың «Каспий» командасының намысын қорғады.
Футболшының «Тобылмен» келісімшарты бір жылға есептелген.